Ол кітапхананың материалдық-техникалық базасы мен кітап қорын көрді, мекеме басшылығымен және қызметкерлерімен әңгімелесті.
Нұртөре Жүсіп мемлекетіміздің еліміздегі медицина және емдеу-сауықтыру саласында жүргізіп жатқан реформалары туралы айтып берді. Ол медициналық қызметтердің сапасын арттыру, әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің рөлі мен мәртебесін арттыруға бағытталғаны туралы мәліметтерге жан-жақты тоқталды. Сенатор ұжыммен әңгіме барысында азаматтардың оқырмандық сауатын арттыру мәселесіне жеке тоқталды.
«Президент өз сөзінде жұртшылықтың оқырмандық сауатына ерекше тоқталған болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тек оқырман ұлт қана шын мәнінде интеллектуалды болатыны және үлкен жетістіктерге жете алатынын атап өтті. Депутаттық корпус және жеке өзім ел халқының оқырмандық сауатына, кітапханаларды тиісті кітаптармен жабдықтауға ерекше назар аударып отырмыз. Үкімет атына жолдаған депутаттық сауалдарымда кітапхана саласындағы проблемаларды бірнеше рет көтердім. Атап айтқанда кітапханашылар жалақысының төмен болуы және осы сала қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерінің жоқтығы көңілге кірбің ұялатады», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.
Кездесу барысында мекеменің емдеу-сауықтыру мақсаты үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге, емдеу ісіне білікті мамандарды тартуға және т.б. қатысты басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.