Алматы облысында үш жасар қыздың өлімі: күдіктілер ұсталды

Полиция департаментінің басшысы олардың бірнешеу екенін атап өтті.

Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов төрт ай төрт күн бойы іздестірілген үш жасар Айя-Софияның өліміне қатысты жаңа мәлімет айтты. Бұл туралы Liter.kz жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

2024 жылдың 22 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектері табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Қалдықтар генетикалық және сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

«Қазір күдіктілер қамауда», - деді Әленов.

Полиция департаментінің басшысы олардың бірнешеу екенін атап өтті.

Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны баласының жоғалып кеткенін хабарлаған болатын. 17 наурыз күні сағат 16.00 шамасында Айя үйден шығып кеткен. Сағат 21:30-да анасы полицияға хабарласқан. Осыдан кейін арнайы іздестіру тобы құрылды. Құтқарушылар да жұмыс істеп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.