Заңсыз жер мемлекет меншігіне қайтарылды

«АМАNAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясына былтырғы 3 тамызда Қарақия ауданы «Қос Ада» аумағындағы сауықтыру кешенінің құрылысына арналған жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде ұсыныс түскен болатын.

Осыған орай, «Жер аманаты» комиссиясы мен құзырлы орган­дардың араласуымен «Қос Ада» ау­мағындағы сауықтыру кеше­нінің құрылысына арналған кө­лемі 3 457 гек­тар жер учаскесі Жер ко­дексінің 43-бабының норма­лары бұзыла отырып, жеке­меншікке бе­рілгені анықталды. Сонымен қатар «Қос Ада» аума­­ғындағы сауықтыру ке­шенінің құ­рылысына арналған жер учас­кесі жер комиссиясында қа­рал­май және жерге орналастыру жо­басы жасалмай рәсімделген.

Нәтижесінде, Жер ресурстарын басқару департаменті өз құзыреті ше­гінде Маңғыстау облысының ма­ман­дандырылған ауданаралық эко­но­микалық сотына жер учас­ке­сіне құ­қық белгілейтін құжат­тарды жа­рам­сыз деп тану туралы талап арыз­бен жүгінді. Соттың шешімімен де­пар­таменттің талап­тары толығымен қа­на­ғат­танды­рылып, жер мемлекет мен­ші­гіне қайтарылды.