Павлодарда 12 жастағы қыз босанды

Ведомство мәліметінше, оқушы 16 тамызда 13 жасқа толады.

Павлодар облысы Шарбақты ауданында 19 шілдеде 12 жастағы қыз босанды. Ақпаратты Павлодар облысының Білім беру басқармасы растады.

Ведомство мәліметінше, оқушы 16 тамызда 13 жасқа толады.

"Мектеп директоры жұмыстан кету туралы арыз жазуына байланысты қызметінен босатылды. Білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс берілді", – деп жазылған жауапта.

Бұл іске қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.