Алматыда ер адам балаларды лифт ішінде соққыға жыққан

Ол өзінен-өзі 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеген.

Ер адамның балаға күш көрсетіп жатқан видеосы “Не молчи” Instagram парақшасында жарияланды. Оқиға 23 шілде күні сағат 16:36 шамасында болған. 

“Ол жан-жағында адамның жоқ екеніне көз жеткізіп, өзінен-өзі 10 жастағы балаларды ұрып, тепкілеген”, – делінген желідегі жазбада.

Парақша жазбаның астына Алматы қаласының полициясын белгілеп, болған жағдайға пікір білдіруін сұрады.

“Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция ер адамның кім екенін анықтап, бөлімшеге жеткізді”, – деп жауап берген полиция департаменті.

Ведомство ер адамның бұл әрекетіне құқықтық баға берілгенін мәлімдеді. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Фонд #НеМолчиKZ | #МыНеМолчим (@nemolchikz_official)