ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов елемізде қара жамылғандар көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сонымен қатар депутат уағыз айтатын имамдар ресми түрде Мүфтиятқа қатысты тек Әбу Ханифа мазһабын ұстанатындар ғана болуы міндетті екенін айтты. Депутат бұл пікірін Нұрлан имамның қара жамылғандарды қатты сынап жатқан видеосын әлеуметтік желіге сала отырып, жариялады.
Осылай нақты айтатын имамдар керек. Және олар ресми түрде Мүфтиятқа қатысты имамдар ( Нұрлан имам сияқты) тек Әбу Ханифа мазһабын ұстанатындар ғана болуы міндетті. Соңғы кезде қазақ ұлтының ежелден келе жатқан анау дәстүрі харам, мынау заты сәйкес келмейді, мына киім дұрыс емес деп арандататын “уағыз” айтатындар көбейді", – деді Мұрат Әбенов.
Сондай-ақ ол салт-дәстүрді дәріптеуде де діннің шиеленісіп кеткенін жасырмады.
“Домбыра тартпа, сәлем салма, бетті ашпа, тұсау кеспе” деп халықтың ашуын туғызатын насихатшылар пайда болды.
Қазақ ислам дінінің "Әбу Ханифа" мазһабын, яғни Ханафи бағытының байырғы түркілік салт-дәстүрдің ислам дініне қайшы келмейтін тұстарын сақтап қабылдаған.
Мысалы, қазақ даласында адам қайтыс болғаннан кейін дүние-мүлкімен, мінген атымен жерлеу дәстүрі болғанын археологиялық қазбалардан көреміз.
Олар исламға қайшы келетін болғасын осы жерде тұрғандар сол баяғы кездерде ол дәстүрден бас тартқан.
Демек қазақтың осы кезге дейін орныққан салт-дәстүрлерінің бәрі дінмен үйлескен, сәйкес келтірілген ұлттық құндылық.
Оларды қазір ревизия жасап, жоққа шығарудың қажеті жоқ.
Бізге Ханафи мәзһабы Ислам құндылықтарын ұлттық салт-дәстүрлермен ұтымды ұштастыра білгені үшін аса маңызды", – деді депутат.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.