Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,26 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 474,09 теңге.
Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 472,62 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 473,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 475,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңге, сатып алу құны – 477 теңге.
Ресей рублі 5,31 – 5,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.