Мәскеуде коронавирусқа байланысты көп адам қатысатын жиындарға шектеу қойылды

Мәскеуде коронавирусқа байланысты көп адам қатысатын жиындарға шектеу қойылды

Мәскеу мэрі Сергей Собянин ел астанасында 5 мыңнан астам адам қатысатын бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынғаны туралы хабарлады, – деп жазады ТАСС агенттігі. «Бүгін мен Мәскеуде 5 мыңнан астам адамның қатысуымен өтетін бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салу туралы жарлыққа қол қойдым», – деді Собянин. Оның айтуынша, футбол және хоккей ойындарын қоса алғанда, спорттық іс-шараларға келушілерге де шектеу қойылады, қатысушылар мен жанкүйерлер саны 5 мыңнан аспауы керек. Собянин коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы қиындағанын атап өтті.

«Біз Италия, Германия және басқа да еуропалық көршілерімізде жағдай қалай асқынып жатқанын көріп отырмыз» делінген хабарламада.
Осыған байланысты, Мәскеу мэрі халықтың денсаулығын сақтау үшін қосымша шектеу шараларын қабылдау қажет екенін айтты.