Қазақфильмнің қаржылық мәселесін шешуге Азамат Сатыбалдының қауқары жете ме?

Сөзінше, ол ұйымның 5 жылдық даму жоспарын жасаған.

Қазір "Қазақфильм" АҚ 9 фильм түсіріп жатыр, оның ішінде 4 фильм – мемлекеттік тапсырыс, 5 фильм демеушілік қаражат есебінен түсіріледі. Бұл туралы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Қазақфильмнің қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатқанын түсінемін. Бірақ біз студияны 5 жылға дамыту стратегиясын жасадық. Оның ішінде Мәдениет министрлігімен кешенді жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Көрермен келесі жылы жұмыстың алғашқы нәтижесін көре бастайды. Қазір біз 9 фильм түсіріп жатырмыз, оның ішінде 4 фильм – мемлекеттік тапсырыс, 5 фильм демеушілік қаражат есебінен түсіріледі. Алғашқы премьералар 2025 жылдың ақпанынан басталады. Солардың арқасында жақсы касса жинаймыз деген үміттеміз", – деді Азамат Сатыбалды елордада Comic Con Astana фестивалінде.