«Қайырсыз болса, алыстатады»: танымал актер әйелімен ажырасқанын растады

Ол әйелі Фариза Алмазқызымен 2018 жылы шаңырақ көтерген болатын.

Актер, шоумен, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен ажырасып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол әйелі Фариза Алмазқызымен 2018 жылы шаңырақ көтерген болатын. Бүгінде екі ұлы бар. 

"Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады. Біреудің өміріне араласпаған ұзақ өмір сүреді екен. Балаларыма көмектесіп тұрамын. Ондай әке емеспін. Апта сайын көрісіп, қыдыртып тұрамын. Анам той жасау қамына кірісті. Мәслихат өткізіп жатыр. Ұрыссыз, жанжалсыз ажырастық. Жақсы жар болмасақ та, жақсы ата-ана болуға уәде бердік. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бізге махаббат қызық мол жылдар нәсіп етсін деп дұға тілеңіздер!", – деп жазды актер. 

Актердың бұрынғы әйелі де оқырмандарына отбасындағы жағдай туралы айтты.

"Сіздер тұрмақ өзім де ажырасып кеткенімнен шок алдым. Ешкім алда не күтіп тұрғанын білмейді. Өзіңе сен өлгенше деп бекер айтылмаған екен", - деді Фариза Алмазқызы. 

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.