2024 жылдың басты додасы — Париж Олимпиадасының ресми ашылу салтанатында Қазақстан елінің спортшылары арнайы кемемен Сена өзенін жүзіп өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиадада Қазақстан құрамасының 80 атлеті 25 спорт түрінен сынға түседі. XXXIII ойындар 11 тамызда мәресіне жетеді.
Іс-шара алғаш рет стадионнан тыс жерде өтіп жатыр. Сонымен қатар келушілер саны жағынан рекорд жаңартылды. Ашылу салтанаты Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:30-да басталды.
Фото: ҰОК
Дәстүрлі спортшылар шеруі Франция астанасындағы Сена өзенімен Париждің ең көрнекті жерлерін қайықпен жүзіп өтті.
Ашық аспан астындағы салтанатты рәсімде көрермендер саны (600 000-ға жуық) және орналасқан жері бойынша ең ауқымды болып саналады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.