Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі жазғандай, ұсталған адам жасырын топтың құрамында ТМД елдерінің бірінде террористік актіні ұйымдастыруға дайындалды деп күдіктенеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ол Telegram-дағы жасырын аккаунттар арқылы әрекет етті. Оны халықаралық террорлық ұйымның бірінің эмиссарлары үйлестірді. Қылмыс жасамас бұрын Н.Р. топ жетекшісіне адал болуға ант берді», – делінген хабарламада.
Комитет мәліметінше, арнайы қызметтермен халықаралық террористік ұйымның басқа қатысушыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.