Елдос Сметов Олимпиада ойынын жеңіспен бастады

Отандасымыз бірінші белдесуінде Нидерланд елінен келген Торнике Чкадуаны жарыс жолынан шығарды.

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарын сәтті бастады, – деп жазады Aikyn.kz.

60 келіге  дейінгі салмақта бақ сынайтын Елдос қарсыласын голден скорда жеңіп шықты. Қарсыласынан белсенді қимылдап, ескерту айырмасымен алда болды. 

Елдос 1/8 финалда украиналық Дильшот Холматовпен белдеседі.