Дзюдодан Қазақстан командасының үздігі Әбиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік... Қарсылас (швециялық Тара Бабулфатты айтады - ред) өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істедім. Қарсылас біліп тұр, сол үшін аяқтан теуіп тұрды", - дейді көзіне жас алған Абиба.
Айта кетелік, Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.