Париж-2024: Мұхамедсабыр Базарбайұлы бірінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

63,5 келі салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы испаниялық Ойер Ибаррче Кондемен кездесті.

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

63,5 келі салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы испаниялық Ойер Ибаррче Кондені 5:0 есебімен жеңіп, Париж Олимпиадасының екінші айналымына өтті.

Енді отандасымыз 1/8 кезеңде Тайпей боксшысымен жұдырықтасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.