Ақтөбе облысы Алға ауданы Бесқоспа ауылдық округіндегі шаруа қожалығында мал қырылды. Алдын ала болжам бойынша, ірі қара шөптен уланған. Бұл туралы Алға аудандық ветеринариялық стансасы хабарлады.
Осы мәселенің анық-қанығын білуді талап еткен ақтөбелік шаруа Марлен Баймағамбетов әлеуметтік желіде жазған.
Салдарынан малдан сынама алынып, зерттеуге жіберілді.
- 26 шілде күні Бесқоспа ауылдық округінде орналасқан «Санжар-Т» басшысы 18 бас ірі қара малының өлгенін хабарлады. Хабар түскен бойда мал иесіне ірі қараны қамау тапсырылып, аудандық ветеринариялық станса директоры мен Бесқоспа ауылдық округі ветеринариялық пункт меңгерушісі барды. Малды қарап, өлексесін сойды. Нәтижесінде, ІҚМ жаңбырдан кейін шыққан улы шөптерден уланған деп алдын ала диагноз қойылды. Өлекседен патологиялық материал алынды. Мал иесіне малды басқа жерге жаюы керектігі ескертілді, - деп хабарлады Алға аудандық ветеринариялық стансасы.