Қайғылы оқиға 28 шілде күні сағат 10:00 шамасында Қостанай қаласы Быковский көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Әйелдің артында екі кішкентай баласы қалды. Бұл туралы “ТоболИнфо” порталы жариялады.
Марқұм 1 айлық және 7 жастағы баласын пәтерде қалдырып, өзі 8-қабаттан секіріп кеткен. Бұл кезде марқұм әйелдің күйеуі балыққа кеткен болатын.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оның өлімін растады.