Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды.
Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, – деп хабарлайды Аikyn.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының әл-Фараби шағынауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған.
"4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде", – делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.
"Балаларға үнемі отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаңыздар! Әсіресе, электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіздер", – деді мамандар.