Париж Олимпиадасында саблямен семсерлесуден әйелдер арасындағы бәсекелер жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, Әйгерім Сарыбай жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қылыштасудан Ұлттық құрама спортшысы Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы айқасында алжирлік қарсыласы Чайма Бенадуданы жеңген еді.
Бірақ Әйгерім Олимпиаданың 1/16 айналымында екі дүркін Олимпиада жүлдегері, франциялық Марин Брюнеге жол берді.
Есеп – 12:15.