Александр Бублик жұптық сындағы жеңілістен соң шағын сұхбат беріп, Париждегі сәтсіздік себебін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл нәтижемізге баға беру қиын. Әрине, мүмкіндік болды. Бірнеше рет брейк-пойнт болды, бірақ оны жүзеге асыра алмадық. Теннис қой, енді.
Медальді айтпағанда, жеңіске жетудің өзі қолдан келмеді. Қазақстандықтардан бірнеше ойында жеңе алмағаным үшін кешірім сұраймын.
Сашамен (Недовесов - ред.) соңғы рет 2022 жылы ойнадым. Жұптасып жаттығуға да мүмкіндік болмады. Бірге ойнайтын тәжірибеміз аз. Бірақ бұл да ақталу емес", – деді Бублик.