Қазақстан физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасының бес жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді.

Оқушыларымыз физикадан IPHO-2024 халықаралық олимпиадасының бес жүлдесін жеңіп алды. Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша олимпиадаға 9-12 сынып оқушылары қатысты,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді.

Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;

Досжан Бисимби – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшілері - Самат Мақсұтов - PhD докторы, SDU University доценті және Назарали Айтджанов - SDU University физика пәні мұғалімі.