Ресей Федерациясының Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, жол апатына теміржол өткелінен өткісі келген КамАЗ жүргізушісі себеп болған.
РФ Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер эвакуацияланғанын хабарлады. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп жатыр.
Апат салдарын жоюға 320-дан астам адам мен 100 бірлік техника, екі Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды, – деп хабарлады РФ ТЖМ.
Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 100 адам зардап шекті.