«Қазгидромет» синоптиктері 30 шілде – 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында нөсер жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.
1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін қатты ыстық болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.