Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл ақпаратты 31 шілдеде Zakon.kz сайтына ҚР ІІМ растады.
"Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жария болған видеосына сәйкес Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Өңірге кадр саясаты департаментінің бастығы мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді", - деді ведомстводан.
Сондай-ақ, ІІМ қызметтік тергеу барысы кезеңінде Баймурзин қызметінен шеттетілгенін айтты.
Айта кетсек, желіде өз қарамағындағылармен сөйлесіп отырғанда үстелді тоқпақтап, балағат сөздер айтқан погондағы ер адамның видеосы тарады. Ол Жамбыл облысы ПД басшысы делінеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.