Қабылдауға тұрғындар өздерінің жеке басындағы кейбір мәселелерді айта келді. Сонымен қатар тұрғындардың құқықтық білім деңгейін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қабылдауға келген тұрғындар борышкерден алимент өндіру, жалған желеумен алдану (алаяқтық), азаматтардың өз құқығын қорғау, жер және тұрғын үй сияқты мәселелерін көтерді.
Тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары аясында оларға құқықтық көмек көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ бірқатар күрделі жағдайлар бойынша алдағы уақытта мәжіліс төрінде арнайы мәселе көтеріп, шешілудің жолдары қарастырылатыны айтылды.
Берік БЕК