Әнші Әли Оқаповтың кішкентай ұлы Зейін желі қолданушыларын зеректігімен таңғалдырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әншінің жары Ақерке Бүркітбай әлеуметтік желіде әке мен баланың видеосын жариялады. Онда әкесі кішкентай ұлынан әр мемлекеттің туын сұрап жатқанын көруге болады. Ал бір жастағы баласы әкесі атаған елдердің туын картадан жаңылыспай көрсеткен.
"Қазақстанның туын қай жерде де бірінші көріп қояды", - деп жазды Ақерке Бүркітбай.
Желі қолданушылары баланың атына заты сай азамат болуын тілеп, пікір қалдырған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.