Боксшы Асланбек Шымбергенов келесі Олимпиадаға қатысатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Жамбыл облысының Өңірлік комуникациялары қызметінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.
31 шілдеде боксшы Асланбек Шымбергеновті жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды. Боксшы көрерменге алғысын білдірді. Сонымен қатар қателіктерін түзеп, келесі Олимпиадаға қатысатынын айтты.
"Дайындығымыз, бәрі өте жақсы болды. Ешкімге кінә артпаймын. Кінә өзімнен. Енді еңбек етеміз. Бұйыртса, келесі Олимпиадаға қатысамын", – деді боксшы Асланбек Шымбергенов.
Айта кетейік, бокстан Қазақстан командасының капитаны Париж Олимпиадасында иорданиялық Зеяд Ишаишке жол берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.