Екі жасар бала тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға бүгін Семей қаласында болған.
Қазір дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін күресуде.
Осы ретте ТЖМ тағы да еске салады:
- бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
- терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
- москит торлары құлап кетуден сақтамайды.