Қазақстандағы атақты қолөнер шебері, 3 мыңнан астам аспап жасаған Бақыт Кеңшілікұлы қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жеткізді.
«Бақыт Кеңшілікұлы – ағаш технологі, ұлттық аспап жасайтын шебер. Ол 1966 жылы 15 тамызда Моңғол Халық Республикасының Баян-Өлгей өлкесінде дүниеге келген. 1995 жылы атажұртқа қоныс аударып, содан бері Өскемен қаласында тұрды», – деп хабарлайды дереккөз.
Көзі тірісінде шебердің қолынан 3 мыңнан астам аспап шыққан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.