Қайғылы оқиға бүгін, яғни 1 тамыз күні түс ауа тіркеліп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне суық хабар сағат 14.53-те келіп түскен.
"Құтқарушылар 3 бірлік қайықпен оқиға орнында іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар департамент бастығының орынбасары, подполковник Руслан Шариев оқиға орнында. Психолог маман туыстарына психологиялық көмек көрсетуде", – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы