«Ақжайық» футбол клубының бұрынғы директоры ұсталды

Күдікті қамауға алынды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК экс-директоры Оралбай Жақсымбетов ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

Антикордың хабарлауынша, Оралбай Жақсымбетов 2021-2022 жылдары 57 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл қаражатты БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы Жақсымбетов бақылауындағы «Ақжайық» ФК» ЖШС-на балаларды оқыту қызметтеріне ақы төлеу түрінде аударып жіберген.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында «Ақжайық» ЖШС бұрынғы директорының ұсталғанын растайды. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады агенттік.

Ол спортты дамыту дирекциясын 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін басқарды.