Айбек Оралбай (92 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында Әзербайжан өкілі Лорен Альфонсо Домингеске есе жіберді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турнирдің 1/4 айналымында Айбек Оралбай Әзербайжан атынан жұдырықтасатын кубалық боксшы Лорено Альфонсо Домингеспен кездескен болатын.
Жекпе-жектің алғашқы раундында Айбек 4:1 есебімен алға шықты. Ал екінші және үшінші раундта төрешілер жеңісті Домингеске берді.
Осылайша, Қазақстан командасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.