Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы турнирдің ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиден жеңіліп қалды.
Алғашқы раундта Базарбайұлы 5:0 есебімен алға шыққан. Алайда, төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен Гурулиге берді.
Шешуші кезеңнен соң қазылар 3:2 есебімен Лаша Гурулиді жеңімпаз деп таныды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.