Ақтөбе қаласында Астана ауданындағы дәмханалардың бірінің ас дайындайтын үй-жайында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 42 шаршы метр алаңындағы өрт қысқа мерзімде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, – делінген хабарламада.
Осы ретте ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.