Қазақстанға ресми сапармен келген Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессоны «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды, – делінген хабарламада.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.