Павлодар облысында үш баласы мен анасы мінген көлік 2 рет аударылды

Көлікті әйел басқарған, оның қасында, алдыңғы орындықта үлкен қызы, артында ұлы мен кіші қызы отырған.

Павлодар облысындағы тасжолда жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Апат Павлодар-Астана автожолында болған. Instagram-дағы пабликтің хабарлауынша, көлікті әйел басқарған, оның қасында, алдыңғы орындықта үлкен қызы, артында ұлы мен кіші қызы отырған.

«Қараңғыда көлік екі рет аударылғанын көрдік. Апаттың себебі белгісіз, бірақ айналасында басқа көліктер жоқ, жануарлардың денелері де жоқ», – делінген хабарламада.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты былай деді:

«Қызылорда-Павлодар автожолында Тойота Камри маркалы автокөліктің жүргізушісі рульді басқара алмай, қисық сызықты жолақ түріндегі кедергіге соғылып, қозғалыс траекториясын өзгертіп, кюветке аударылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушылар ауруханаға жатқызылды. Тексеру жүргізілуде», - деп хабарлады полиция.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.