Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго президенті Дени Сассу-Нгессо бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізіп, екі тараптың бірқатар ұсыныстарын жария етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақорда хабарлағандай, Тоқаев Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды деп санайды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсынғанын мәлімдеді», – деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ Тоқаев Конго басшысының орман өсірудің және орманды қалпына келтірудің жаһандық онжылдығын жариялау туралы бастамасына қолдау білдірген.
«Бұл сапар Қазақстан мен Конгоның қарым-қатынастарына тың серпін береді деп санаймын. Сонымен қатар Орталық Азия мен Африка арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге ықпал етері сөзсіз. Біз бір-бірімізді қолдап, табысқа бірге жететінімізге сенімдімін», – деді Тоқаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.