Италияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асты

Италияда коронавирусты жұқтырғандардың саны 10 мыңнан асты

Азаматтық қорғау ұлттық қызметінің басшысы Анджело Борреллидің айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асты, – деп хабарлайды ANSA агенттігі. Коронавирустан көз жұмғандар саны 631 адамға жеткен. Дүйсенбі күнгімен салыстырғанда 168 адамға көп. «8 514 адам қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған, 1004 адам сауығып шыққан» деді ол. Борреллидің айтуынша, коронавирус жұқтырған 877 пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Қайтыс болғандардың 45%-ы – 80-89 жас аралығындағы адамдар, 32%-ы – 70 жас шамасындағы, 14%-ы – 90 жастан асқан, 8%-ы – 60 жастағы, 2%-ы – 50-59 жас аралығындағы адамдар. Айта кетейік, Италияда коронавирустан көз жұмған алғашқы жағдай 21 ақпанда тіркелген еді.