Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасындағы ширек финал жекпе-жектерін қорытындылады, - деп жазды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Жігіттер қолдан келгеннің бәрін істеді, аянып қалмады. Бірақ кімнің қолын көтерді, сол жеңімпаз болып қалады. Өкініштісі сол, Париж Олимпиадасы ең нашар ойын болып тұр біздің боксшыларға. Токиода екі қола алсақ, қазір оған да жете алмай қалдық. Бибосынов пен Досматовтың кездесуіне келер болсақ, менің ойымша, Сәкен жеңді. Бірінші және екінші раундты Сәкенге беруге болады. Ал үшінші раундта 3:2 есебіне біз де, қарсылас та лайық болдық. Енді біз қолдан келгенше аянбадық. Қалғанын ринг көрсетті", - дейді Айтжанов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.