Ол Олимпиада ойындарының бокс құрамасына сәтсіз өткенін жасырмады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Олимпиада ойындары біз үшін сәтсіз болды. Халық бәрін көріп отыр. Сәкен рингте бар күшін салды. Барлығын төрешілерге аудара салғым келмейді. Кімнің қолын көтерді, сол жеңіске жетті. Кезінде екі ғана қола алған сәтіміз болып еді. Бүгін оған да қол жеткізе алмадық. Әлемнің екі мықты боксшысы кездесіп, өте жақын деңгейде өтті. Мен үшін Сәкен — жеңімпаз. Сәкен екі раундта жеңіп, үшінші раундта тең түсті», - деді бас бапкер.
Айта кетейік, ерлер бәсекесінде тек 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбай ғана жартылай финалға шыға алды.