Футболдан әлем чемпионаты 356 метр биіктегі стадионда өтеді

2034 жылы әлем чемпионатын қабылдауға келіскен жалғыз үміткер Сауд Арабиясы 170 шақырымға созылатын Line қаласының жоғары қабатында арнайы футбол стадионын салмақшы. Чемпионаттың финалдық ойыны 356 метр биіктікте өтеді деп болжануда.

FIFA-ға келім түскен жалғыз өтінімде Сауд Арабиясы 25-ші әлем чемпионатының финалдық ойындарын 170 шақырымға созылған зәулім ғимараттың үстінде өткізуді ұсынғаны айтылған. Бұл жаңалықты  Aikyn.kz америкалық New Atlas сайтындағы материалға сүйеніп талдайды.

Line жобасы қазір Сауд Арабиясының солтүстік-батысында салынып жатқан керемет зәулім ғимарат. Ол кезең-кезеңімен салынып, шөлдегі айналы тіктөртбұрыш пішінде салынады. Иллюстрация Teneo Strategy компаниясының сайтынан алынды

Сауд Арабиясы 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге жалғыз үміткер. Барлық рәсімдік мәселелер оң шешілсе, Сауд Арабиясы Корольдігі шөлдегі 170 шақырымға созылған Line қаласында футуристік жаңа футбол стадионын салуды жоспарлап отыр. Ол 356 метр биіктікте орналасатын болады.

Қазіргі құрылыс қарқыны - осындай. Құрылыс аяқталғаннан кейін бұл жерде 9 миллион халық тұратын қала болады. Фото Neom сайтынан алынды

Line жобасы қазір Сауд Арабиясының солтүстік-батысында салынып жатқан керемет зәулім ғимарат. Ол кезең-кезеңімен салынып, шөлдегі айналы тіктөртбұрыш пішінде салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін ұзын жоба 9 миллион халық тұратын қалаға айналады. Бұл шөл далада Нью-Йорк қаласының тұрғындары сыйып кететін ірі мегаполис болады. Дегенмен болашақ қаланың жалпы ұзындығы 170 шақырымнан аз болуы мүмкін деген қауесеттер де таралуда.

Қалай болғанда да, әлем чемпионатына қатысуға өтінім берген Сауд Арабиясы билігі қаланың бірінші кезегін 2030 жылға дейін аяқтауды көздеп отыр. Бірінші кезеңде қаланың ұзындығы 2,4 шақырым биіктігі 500 метр және ені 200 метр болады. Ол сондай-ақ жасанды үлкен теңіз айдынын да қамтиды.

Aikyn.kz сайты бұл қала туралы «170 шақырымға созылған зәулім ғимарат салынып жатыр» деген мақала жариялаған.

Сауд Арабиясы аймақтық қарсыласы Қатардың әлем чемпионатындағы тәжірибесінен асып түскісі келеді және Neom стадионы бұл үшін өте жақсы мүмкіндік. Фото New Atlas сайтынан алынды. Авторлығы: Saudi 2034

Сауд Арабиясы аймақтық қарсыласы Қатардың әлем чемпионатындағы тәжірибесінен асып түскісі келеді және Neom стадионы бұл үшін өте жақсы мүмкіндік. Қазір болашақ стадион туралы мәліметтер аз, бірақ оның жер бетінен 350 метр биіктікте, Line желісінің бесінші және ең жоғары деңгейінде орналасатыны белгілі. FIFA-ның өтінімдер кітабындағы рендеринг үлкен футуристік стадионды бейнелейді және ол толығымен жел мен Күн көзінен алынатын жаңартылатын энергиямен қуатталады. Айна қалада мейрамханалар мен қонақүйлер, тамаша көлік қатынасы болады. Бірақ Қатардағыдай аптап ыстық көрермендер мен ойыншылар үшін проблема болып қала бермек.

Айна қалада мейрамханалар мен қонақүйлер, тамаша көлік қатынасы болады. Фото New Atlas сайтынан алынды. Авторлығы: Saudi 2034

Neom стадионы 45 мыңнан астам көрерменге арналған. «Neom стадионы әлемдегі ең бірегей стадион болады. Жерден 350 метрден асатын алаңқайы, таңғажайып көріністері және қаланың өзінен жасалған шатыры бар стадион ерекше тәжірибе болады.

Ол ойыншыларға, көрермендерге және хабар таратушыларға (электронды билет, 4K Ultra HD хабар тарату және т.б.) ең озық технологияларды пайдаланатын болады. Стадионның сыйымдылығы 45 000 адамнан асады», – делінген өтінім кітапшасындағы сипаттамада. 

Neom стадионы Сауд Арабиясының әлем чемпионатына қатысуға жоспарланған 15 стадионның ең қызықтысы болып саналады. Оның құрылысы 2027 жылы басталып, 2032 жылы аяқталады деп күтілуде. Сауд Арабиясы Корольдігіне сәттілік тілейік!

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.