Тарихи сәт: Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында күміс медаль алды

Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды.

Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадағы тұтқалы ат жаттығуы бойынша Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметі бойынша, қазақстандық Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай алды. Ол базалық қиындығы 6.7-ге тең жаттығуды сәтті орындап шықты. 

Бұл сында алтын медальді ирландиялық  Риз Макленаген иеленді. Оның ұпай көрсеткіші - 15.533.

Ал қола медаль америкалық Штефан Недорочектің еншісінде (15.300).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»    Telegram  арнасынан таба аласыз.