Бүгін қазақстандық көлік қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді

Тамыз айының алғашқы жексенбісі - елімізде көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Еліміздің көлік қызметкерлері кәсіби мерекелерін тойлап жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға тікелей байланысты салада жол-құрылыс жұмыстарының, жүк тасымалының көлемі ұлғайып, халықаралық әуе рейстерінің географиясы кеңейіп келеді. Көлік саласында 670 мыңға жуық адам еңбек етеді.