Қостанайда көлге демалуға барғандар батпаққа батып қалған

Оларды қостанайлық құтқарушылар балшықтан шығарып алды.

Өткен түні жауған жаңбыр топырақты шайып, салдарынан Новозаливное көлінде демалған тұрғындар өз бетінше үйлеріне жете алмай қалған, – деп жазады Aikyn.kz.

"Құтқарушылардың күшімен 7 жеңіл автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп, құтқарылған 19 адам, оның ішінде 3 бала Қостанай қаласына сапарын жалғастырды", – деп мәлімдеді ТЖМ.

Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.