Ақтөбе облысында Ырғыз өзенінде ер адам екі баласымен және туысымен суға батып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Диапазон" тілшісі жазғандай, қайғылы оқиға 3 тамызда Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында болған.
"Ырғыз өзенінде суға түсіп жүрген бір отбасының 4 адамы батып кетті. Олар – 13,11 және 7 жастағы балалар, сондай-ақ оларды құтқаруға тырысқан 39 жастағы ер адам. Ер адам өзінің балалары мен туысын құтқаруға тырысқан", – делінген материалда.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балалар ата-аналарымен бірге болғанын айтты.