Екі жыл бұрын жоғалып кеткен Шу қаласының тұрғыны тірі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
1999 жылы туған Николай Бабакин Алматыға табыс табу үшін кетіп, 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап байланысқа шығуды тоқтатты. Жас жігітті іздегенмен, бірақ нәтиже болмады. Екі жылдан кейін жоғалған адам табылды.
Еріктілердің айтуынша, ер адам қамауда отырған. Ол жайлы басқа мәліметтер әзірге белгісіз.