«Қазгидромет» синоптиктері 5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Сәйкесінше, найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады, елдің солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде қатты жаңбыр жауады.
Тек оңтүстікте және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ел аумағы бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.
Күндізгі уақытта Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Ұлытау облысының батысында қатты ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде де қатты ыстық болады.
Алматы, Атырау, Жетісу, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Атырау облысының оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.