Астанада төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Астана қаласының Сарыарқа ауданында болған.
Дәрігерлер баланың өмірін аман сақтап қалу үшін күресуде.
ТЖМ тағы да еске салады:
- бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
- терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
- москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.