Мектеп басшылары мониторингтік топқа жөндеу жұмыстарын таныстырып, жаңа оқу жылына дайындықтары туралы баяндады. Өз кезегінде партия филиалының төрағасы мердігерлерге бірқатар ескерту жасап, олқылықтарды тез арада ретке келтіруді тапсырды.
«Жұмыстарды уақытында, сапалы бітіру қажет. Жаңа оқу жылына дейін барлық шаруа мүлтіксіз орындалып, балалардың білім алуына ешқандай кедергі болмауы қажет. Жөндеу жұмыстары аяқталып, талапқа сай тапсырылуын партия бақылауда ұстайды», – деді төраға Алмасбек Есмаханов.
Айта кетейік, 2024 жылға арналған қаладағы № 222, 253, 211, 212, 217, аудандар бойынша Жалағаш №33, Жаңақорған №163, Сырдария №132 – барлығы 8 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары басталды.
Берік БЕК