Акцияның мақсаты – аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, жетімдер мен әлеуметтік баспана тәрбиеленушілеріне жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу. Қазақстандықтар оқу құралдарын, кеңсе тауарларын немесе қолма-қол ақша беру арқылы, бұл акцияға үлес қоса алады. Барлық жиналған заттар мен қаражат мұқтаж балаларға бағытталады.
Шараға кез келген адам қатыса алады. Дәстүрлі түрде акцияға партия қызметкерлері, БПҰ мүшелері, депутаттар мен белсенділер атсалысуда.
Акцияның маңызы сол, ол нақты көмек көрсетіп қана қоймай, аз қамтылған отбасылардың проблемаларына жұртшылықтың назарын аударады, қайырымдылықты насихаттайды және жастарды мұқтаж жандарға көмектесуге деген ұмтылысты оятады.
Берік БЕК